Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында жол жабылды

фото: pixabay

ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

2026 жылғы 9 ақпан сағат 14:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі:

Абай облысында «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 1004-1103 шақырым аралығы (Көкпекті ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін) жабылды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша  «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 1103-1256 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасынан Зайсан қаласына дейін) жабылды. 

Жолды 2026 жылғы 10 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.