Семейде жеке тұрғын үйдің ауласына елік кіріп кеткен. Оны тұрғындардың бірі табиғат қорғау полициясына хабарлаған. Мамандар жануардың сібір елігі екенін нақтылады. Еліктің артқы тұяғында жарақат, мойнында қарғыбау болған.
Инспекторлар елікті күтіп-бағу және бақылау мақсатында Семейдің биологиялық орталығына тапсырды.