«Актив Ломбард» желісінің иесі қамауға алынды

«Актив Ломбард» желісінің иесі қамауға алынды. Комиссиялық дүкен ретінде бүркемеленген ірі ломбард желісі  жоғары процентпен микрокредит беріп келген. Сыйақы мөлшерлемесі тәулігіне 2 процентке дейін жетіп, белгіленген нормадан 5  есе жоғары көтерілген. Олар заңсыз схемамен  1,9 миллион шарт жасап,  19 миллиард теңгеден астам қылмыстық табыс тапқан. Кіріс көзін жасыру үшін қаражатты бірнеше компания арқылы айналдырған.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:

Сот санкциясымен конфискациялау мақсатында жалпы құны 8,9 млрд теңге болатын жылжымалы және жылжымайтын мүлікке, жарғылық капиталдағы үлестерге және зергерлік бұйымдарға тыйым салынды.  С.С. Койнов қамауға алынды. Оның төрт сыбайласына қатысты елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.