Трамп Барак Обаманы маймылға теңеді

Трамптың басы тағы дауға қалды. Өзінің алдындағы Президент Барак Обама мен әйелін маймыл кейпінде бейнеленген нәсілшілдік виеоны өз парақшасына салған. АҚШ Президенті жақсылық жасаса да, жұртқа жақпайды. Себебі, арзан бағамен дәрі сататын сайтқа өз атасының атын берген. Украина Ресейдің көзіне көрінген инфрақұрылымына соққы жасайды. Ол үшін ешкімнің алдында қымсынбаймыз, - дейді Президент Зеленский. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Нәсілшіл деп басы дауға қалды. Трамп өзінің алдындағы Президент Барак Обама мен әйелі Мишельді мазақ ететін видеоны өз парақшасына салған. Онда бұрынғы мемлекет басшысы мен жұбайы маймыл кейпінде бейнеленген. Бұл әрекеті үшін АҚШ Президенті кешірім сұрамаймын дейді.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Менің оларды мазақтайтын пиғылым жоқ еді. СММ маман маған бұл жазбаны алдын ала тексеру үшін жіберді. Мен бас жағын ғана көрдім. Онда 2016 жылғы сайлаудағы заңсыз әрекеттер туралы сөз болған. Әлбетте, ондай видео ешкімге ұнамайды. Маған да ұнаған жоқ. Бірақ, менің кінәм жоқ. Сондықтан, бұл үшін кешірім сұрау керекпін деп ойламаймын.

Енді АҚШ-та дәрілер ондаған есе арзан бағамен сатылады. Трамп жаңа жобаны таныстырды. Бірақ, бұл жолы да АҚШ Президентінің басы даудан арылмады. Жалпыұлттық жобаға өз атасының атын берген. Сондықтан, қоғам тарапынан наразылық артты.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл Трамп RX деп аталатын сайттың арқасында америкалықтар ондаған мың доллар ақша үнемдейді. Адамдарға аса керекті препараттарды осы тізімге енгіздік. Америкалықтардың денсаулығы үшін нақты қадамдар жасаған алғашқы Президент болдым. Қалғандары құр сөзден әрі аса алмады.

Украина Ресейдегі көзіне көрінген нысанды шабуылдайды. Зеленский бұл туралы ресми мәлімдеме жасады. Айтуынша, әскери өнеркәсіппен қатар, Ресей экономиккасына соққы жасау да маңызды. Сондықтан, бұндай қадамдардан еш қымсынбаймыз, - дейді Украина Президенті.

ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз не үшін ұялуымыз керек. Ресей біздің Жылу Электр Стансаларына соққы жасаған кезде ұялады ма? Жоқ, әрине. Сондықтан, біз де Мұнай өңдейтін зауыт немесе әскери бөлім деп бөлмеуіміз керек. Біздің мақсат соғысты тоқтату. Сондықтан, алған бетімізден қайтпаймыз.

Еуропа елдер Украинадағы соғыстың жалғасып жатқанына өздері кінәлі. Бізге жала жаппай-ақ қойсын. АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент осылай деп сұхбат берді. Айтуынша, Ресейдің экспортына шектеу қоймағандықтан, сауда-саттық ауқымы бұрынғы қарқыннан артпаса, төмендеген жоқ.

СКОТТ БЕССЕНТ, АҚШ ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Еуропа Ресейден мұнай мен га сатып алмаймыз, - деп жарияға жар салып, ұрандатып жүргеніне бір жыл болмады. Бірақ, бұның барлығы өтірік. Кәрі құрлық өз мүддесін ғана ойлайды. Қытай мен Үндістан. Неге Ресейден мұнай сатып алу қарқынын арттырып отыр? Өздері үшін емес, оны Еуропаға сатып жатыр. Бұның барлығы әшкере болмайды деп ойласа, қателеседі. Ресейге қаржы осыдан түсіп жатыр. Еуропа елдерінің жылап-сықтайтын жөндері жоқ.

Милан тұрғындары Олимпиадаға қарсы наразылық акцияларын ұйымдастырып жатыр. Төртжылдықтың басты спорттық додасы италиялықтардың қалтасын қағып жатыр, - дейді жергілікті жұрт. Себебі, тұрғын үй жалдау бағасы күрт өсіп, жергілікті тұрғындар далада қалудың алдында қалды.