Ақтөбеде әлеуметтік қолдаудың жаңа цифрлық тетігі іске қосылады. «AMANAT» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Цифрлық қоғам» жобасы аясында «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа сервис таныстырылды. Мамандардың айтуынша, жүйе арқылы мектеп асханасында тамақтанған оқушылардың саны автоматты түрде есепке алынады. Өңірде 404 мемлекеттік мектеп бар. Оның 156-сында «Алақан» құрылғысы орнатылып, «Әлеуметтік әмиян» жүйесімен толық интеграцияланған. Ал қалған 248 мектеп «Бизнес әмиян» жүйесімен жұмыс істейді. Сондай-ақ, «eGOV Mobile» қосымшасының «Әлеуметтік әмиян» бөліміндегі QR арқылы тегін дәрі-дәрмектер де ала алады.
ӘСЕЛ САРМАНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Әлеуметтік әмиян сервисі мына мектептерде берілетін тегін тамақтандыру бойынша бюджеттің ашықтығын реттеу, балалардың дұрыс тамақтануын, олардың рациондарын қарау бойынша онлайн түрде ата-аналардың осы сервисті дұрыс, тиімді пайдалануын үйрету болып табылады.
СҰЛТАН САҒЫНОВ, ҚР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛІ:
Дәрілік заттар беріледі мысалға денсаулық сақтау министрлігі бойынша 15 млн нан астам рецепт берілді. Одан бөлек әлеуметтік осал топтарға әлеуметтік продукты питания дейді ғой,тамақтарды, азық-түлік беру пилоттық жобасы бар. Олар қазір Ақкөл мен Көкшетау қалаларында жүзеге асырылуда.