Алматыда есірткіге қарсы жастар форумы өтті

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2026

Алматыда "есірткіге жол жоқ" форумы өтті. Шараны «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының Алматы қалалық филиалы мен Полиция департаменті ұйымдастырды. Басқосуға елімізге танымал әнші, актёр, қоғам қайраткерлері, білім беру саласының өкілдері, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, жастар қатысты. Шараның мақсаты-жастар арасында дұрыс өмір салтын дәріптеу, есірткі және өзге де зиянды заттардың алдын алу, есірткіге қарсы тұрақты иммунитет қалыптасырып, құқықтық және әлеуметтік жауапкершілігін арттыру. Форумға қатысушылар ой-пікірлерін ортаға салып, мамандардан тікелей сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар кинологиялық орталықтағы қызметтік іздестіру иттерінің қатысуымен өткен қойылымды тамашалады.

ДИДАРБЕК ДІЛДАБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Биыл 2026 жылды өте белсенді бастадық деп айтуға толық негіз бар. Осы қаңтар айының өзінде 8 ауданда 2 реттен 16 рет есірткіге қарсы шара өткізген болатынбыз және ол полиция департаментінің барша қызметкерлерімен  бірлесіп өтті. Барлық ауданды қамтыдық. Белсінділерде қосқанда әрбір шараға 300-ден астам адамнан қатысты. Бұл шаралардың негізгі мақсаты  тағы да қайталап айтуға болады ол- ақпараттандыру.