Желіде "мені алып қашты" деп видео жариялаған қыз жауапқа тартылды

Тик-Токта мені алып қашты деп видео жариялаған қыздың өзі жауапқа тартылды. Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғыны  әлеуметтік желіде өзін ұрлап кеткені туралы бейнежазба жариялап, қоғамның назарын аударған еді. Алайда тергеу барысында бойжеткен видеоны әдейі, көп қаралым жинау мақсатында түсіргені анықталды. Видеодағы тұлғалар заңды некеде бұрыннан тұрған. Қыз жалған ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрап, айыппұл арқалады.

ЕРНАР САЙДИЛЬДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталды. Тексеру барысында бұл бейнежазбаның қойылым түрінде түсірілгені анықталды. Видеодағы тұлғалар заңды некеде тұрған, ал қылмыс туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.Тексеру нәтижесінде автор заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.