Екі баланы өрттен құтқарған мұғалім марапатталды

Фото: ТЖМ

ШҚО-лық мұғалім Рулан Сейітов 18 қаңтарда Алтай ауданындағы Соловьёво ауылында жеке тұрғын үйде шыққан өрт кезінде екі баланың өмірін сақтап қалды.

Ол Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.