Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2026

Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты. Апат Ақтөбе-Орск тас жолында болған, қазір оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Апаттың себеп-салдары анықталуда.  

АРДАНА САЙМАҒАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алдын ала мәліметке сәйкес Ақтөбе-Орск автожолынының 70-шақырымында Опель маркалі жеңіл автокөлігі қарсы бағытқа шығып, Дав маркалі жүк автокөлігімен соқытығысқан. Нәтижесінде Оперль маркалі авто көлігінің жүргізушісі және үш жолаушысы оқиға орнында қаза болды.

Тағы бір жол апаты Алға ауданы, Аққкемер ауылының маңында болды. Ақтөбе–Астрахань автожолында 10 көлік соқтығысқан. Салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.