Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінен 3 адамның мәйіті табылды

Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінен 3 адамның мәйіті табылды. Олар «Күншығыс» шағын ауданындағы пәтерді біраз жылдан бері жалдап тұрған. Төменгі қабаттағы пәтерге  су сорғалай бастағандықтан көршілер есік қағып, тіпті отбасы мүшелеріне қоңырау соққанын айтады. Алайда есікті ешкім ашпапты. Сондықтан төтеншеліктерге хабарласып, есікті бұзып кірген.  Көршілердің мәліметінше, 2 бөлмелі пәтерде 4 адам тұрған. Біреуі жұмыста болған көрінеді. Бақилық болғандардың екеуі әйел,   бірі -16 жастағы бала.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптама  тағайындалған. Алдын ала болжам бойынша, тұрғындар табиғи газдан уланған болуы мүмкін.

МӘЛІК ӘБДІНҰРОВ, ҚАЛАЛЫҚ ОРТА САПАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда алдын ала болжам бойынша угарный газ деп айтып жатырмыз. Нарушение бар. Зерттеу кезінде панелдік үй ғой, газ плита мен газ калонкіні грубейши нарушениемен лоджыға шығарған.