Қызылжарда мектеп оқушысы сабаққа тапанша алып келіп, оқ атқан

Қызылжарлық  оқушы мектепке тапанша алып келіп, оқ атқан. Оқиға қалалық нөмірі бірінші гимназияда болды. Сыныптастарының алдында мақтанып қалуды көздеген 11-сынып оқушысы қаруды жылыту радиаторына қарай көздеп, бір рет атып жіберген. Белгілі болғандай тапанша -әскери емес, пневматикалық. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.  Мұны естіген ата-аналар дереу мектеп басшылығына хабарласып, алаңдаушылық білдірген. Полицейлер бала қаруды қайдан алғанын анықтап жатыр.

ӘСЕЛ ОРАЗБАЕВА, СҚО БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Ювеналды полиция қызметкерлері қаруға ұқсайтын затты экспертизаға алып кетті. Баланың тәртібі жақсы. Ешқандай есепте тұрған жоқ. Бұған дейін құқықбұзушылық жасаған жоқ. Мектеп әкімшілігі алдын алу шаралары бойынша баламен әңгіме өткізді.