Атырау облысында 5 ауылға карантиндік шектеу енгізілді

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2026

Атырау облысында 5 ауылға карантиндік шектеу енгізілді.  Құрманғазы және Исатай аудандарында мал арасында вирустық ауру тарады.

Исатай ауданының Зинеден, Құрманғазы ауданына қарасты Дыңғызыл, Еңбекші, Бөкейхан және Құрманғазы ауылына  мал кіргізуге және шығаруға уақытша тыйым салынды. Бұл елдімекендерде 1500-ге жуық  ірі қарадан вирустық диарея және инфекциялық ринотрахеит  анықталды. Мамандардың сөзінше, ауру белгілері желтоқсан айының соңында байқалған. Кейін олар арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, симптоматикалық ем-домға кіріскен. Бүгінде 1 мыңнан аса мал аурудан айығыпты.

САЙРАН ҒҰДНАН, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бұл аурудың тарауына мал тасымалы әсер етіп отыр. Екі аудан транзиттік дәлізде орналасқан. Яғни, көрші РФ аумағынан төрт түлік тасымалданып жатыр. Алдымен малдың аузында жара пайда болады. Одан кейін сілекейі ағып, азық жемей бастайды. Симптоматикалық шараларды жүргізу нәтижесінде мал шығыны тіркелмеді.