Мәжілісте тағы бір депутаттың өкілеттігі аяқталды

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігі тоқтатылды.

Бұл мәселе Мәжілістің жалпы отырысында қаралды.

Айта кетейік, 9 ақпанда Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Бейсенбаев Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалған.

Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы 1986 жылы 27 маусымда сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында дүниеге келген.

Ол 2023 жылдың наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін - Сегізінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, "AMANAT" партиясы Фракциясының жетекшісі болды.