Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Kaspi.kz сервисінің тарифтері, соның ішінде Kaspi Gold картасының жылдық қызмет көрсету құны күрт өседі деген ақпарат тарай бастады. Осыған байланысты компанияның баспасөз қызметі ресми түсініктеме берді.
Банк өкілдерінің мәліметінше, клиенттер мен серіктестер үшін тарифтер мен қызмет көрсету шарттары өзгеріссіз қалды. Тараған ақпарат жаңартылған тарифтерге қатысты заңдық құжатты қате түсіндіруден пайда болған.
Интернетте Kaspi.kz тарифтері өзгерді деген ақпарат тарады – Kaspi Gold картасының жылдық қызмет көрсетуі мен қайта шығару құны, Kaspi Pay шарттары және басқа банктердің карталарына аударым жасаудағы комиссия туралы. Бұған тарифтер көрсетілген жаңартылған заңдық құжаттағы шекті мәндердің Қазақстан заңнамасына сәйкес берілуі себеп болған, - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Компания сондай-ақ нақты өзгерістер болған жағдайда клиенттерге бұл туралы әрдайым алдын ала және ашық түрде хабар берілетінін атап өтті.
Егер қандай да бір өзгерістер болса, біз бұл туралы әрдайым алдын ала және ашық түрде хабарлаймыз, - деді банк өкілдері.