Алматы облысында жол апатынан бір адам қаза тапты. Оқиға Алматы - Көктал автожолының 15-ші шақырымында болды. Cobalt көлігін тізгіндеген такси жүргізушісі бағдаршам жыпылықтаған уақытта бұрылыс жасаған. Сол сәтте жоғары жылдамдықпен келе жатқан Renault көлігімен соқтығысқан. Қатты екпіннен екі көлік те зақымданып, ауыр жарақат алған Renault темір тұлпарының жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері апаттың нақты себептерін анықтауда.