БҚО-да екі малшының үсіп өлуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Батыс Қазақстан облысында сүйегі бораннан кейін табылған екі малшының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Арнайы құрылған комиссия қайғылы оқиғаға жұмыс берушіні кінәлі деп тауыпты. Өңірде 13 желтоқсанда болған боран кезінде 4 адам далада үсіп өлген еді. Олардың екеуі - жергілікті шаруа қожалығының малшылары. Осы оқиғадан кейін комиссия құрылып, жан-жақты тексеру жүргізілді. Комиссия жұмысына шаруа қожалығының басшысы мен облыстық кәсіподақтар орталығының өкілі қатысқан. Осылайша жазатайым жағдайдың себебі мен заң бұзылғаны, жұмыс берушінің қайғылы оқиғаға жол бергені анықталды.

НҰРЖАН ҚУАНҒАЛИ, БҚО ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Жәнібек аудандық полиция бөлімінде қылмыстық іс тергелуде. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін заңға сәйкес, процессуалдық шешім шығарылатын болады.