Алматыда мұғалім студенттің басына нысана қойып, пневматикалық мылтықпен атқан. Әлеуметтік желіде бұл видео қызу талқылынды. Қаладағы колледждердің бірінде түсірілген кадрларда анық көрінеді. Абырой болғанда, оқ орнына мақта пайдаланылғандықтан, ешкім зардап шекпеген. Оқиға Алматы сәулет, дизайн және инженерия колледжінде болған. Колледж әкімшілігі ресми мәлімдеме жасап, бұл жағдай оқу процесіне жатпайтынын, қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылғанын мойындады.
АЛМАТЫ СӘУЛЕТ, ДИЗАЙН ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРИЯ КОЛЛЕДЖІ:
Оқытушының топпен бейресми қарым-қатынасы барысында штаттық оқ-дәрілер қолданылмай, жұмсақ затты пайдалану арқылы пневматикалық мылтықтан оқ атылған. Ешкімге зиян келтірілмеген. Аталған әрекеттер оқыту әдісі де, жазалау түрі де емес. Колледж әкімшілігі педагогикалық этика мен қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылғанын мойындайды.