Кітап, ақша және алтын: Шымкентте пәтер ұрлығымен айналысқан әйел ұсталды

Кітап, ақша және алтын алған. Шымкентте пәтер ұрлығымен айналысқан әйел ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері пәтер ұрлықтарының сериясына қатысы бар күдіктіні қолға түсірді. Тергеу барысында күдіктінің пәтер иелері үйде болмаған сәтті пайдаланып, заңсыз түрде тұрғын үйлерге кіріп, мүліктерді ұрлағаны анықталды. Қолды болған заттардың қатарында ақшалай қаражат, алтын бұйымдар, жеке заттар және өзге де бағалы заттар болған. Эпизодтардың бірінде күдікті пәтерден косметика, бижутерия, киім-кешек пен кітаптарды алып кеткен. Қазіргі таңда оның төрт пәтер ұрлығына қатысы бары белгілі болды. Сонымен қатар оның өзге де осыған ұқсас жайттарға қатысы болуы мүмкін , -дейді полицейлер.

ЕРКЕБҰЛАН АЛҒАБАЙ, ҚАЛАЛЫҚ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

Қазіргі таңда оның төрт пәтер ұрлығына қатысы бар екені белгілі болды. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 1,2 миллион теңгені құрады. Аталған жайт бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.