Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыруға арналған арнайы кеңес өткізді. Жиын барысында вице-премьерлер, министрлер мен «Самұрық-Қазына» қорының басшылығы баяндама жасады. Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин халықтың әл-ауқатын жақсарту жоспарлары туралы баяндап, инфляция деңгейін төмендету көзделіп отырғанын айтты. Басқосуда бизнеске қолдауды жеңілдету, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, шетелдік инвестиция тарту, өнеркәсіп пен энергетикадағы ірі жобаларды іске асыру да назардан тыс қалмады. Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаларды жаңғырту да ерекше көңіл бөлінген бағыттар қатарында. Кеңес қорытындысында Премьер-министр аталған барлық сала бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалу мерзімдерін бекітті.