Халық пікірі: Жаңа Конституция - заман талабы

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2026

Жаңа Конституция жобасы тек құқықтық құжат қана емес, бұл елдің ертеңіне жасалған маңызды қадам. Тұрғындар осылай деп пікір білдіруде.

БЛИЦ:

- Жаңа Конституция жобасы жайлы не ойлайсыз?

Дұрыс деп ойлаймын, орысша айтқанда, широкий обзор, широкий спектр обзора адамның әр қайсысы домахозяйкадан бастап жұмысшыларға дейін бәрін қарастырып жатыр.

- Осы жаңа заңды, жаңа біздің қазақтың ежелден ел екенін көрсетіп сол заң жүзінде қабылданғанын мен келісемін оған.

- Қазіргі уақытта біздің гражданствоны ешкімге бермеу керек ең үлкені сол ғой.

- Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын болса онда өте жақсы болар еді, ол жағынан құптар едік.

- Байқасаңыздар қазір техника дамып жатыр ғаламдық жаһандану, өзгеріс көп қой күнделіктіде ол тарихи жол деп ойлаймын, сәт қой, әр нәрсе өз уақытымен.Өзгергенін қалаймын заман талабына сай.

- Өзгергені жақсы ғой, заңның өзгергені жақсы, халыққа тиімді, жеңіл болғаны жақсы.