Елордада «Жаңа Салық кодексі: экономикалық өсім мен әлеуметтік әділеттіліктің теңгерімі» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға ғалымдар, атқарушы органдар мен экономика министрлігінің өкілдері қатысып, жаңа Салық кодексінің маңызы мен мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу барысында салықтық мәдениетті қалыптастыру, инвесторларға салықтық жеңілдіктер беру арқылы экономикалық өнімді арттыру, қосымша құн салығы саласындағы ашықтықты күшейту және көлеңкелі экономиканы азайту мәселелері көтерілді. Мамандардың айтуынша, Салық кодексі ең алдымен азаматтар мен кәсіпкерлерге түсінікті әрі қолайлы болуы тиіс. Бұл ел экономикасының тұрақты дамуына және бизнестің өркендеуіне негіз қалайды.
БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ПРОФЕССОР:
Салық кодексі бірінші кезекте біздің экономикамызға қызмет жасайтын азаматтарға қарапайым және болашақта бизес жасаймыз деген азаматқа қажетті құжат болуын қатаң табыстаған. Бүгінгі біздің университетімізде болып жатқан іс-шараның өзі де осы салық кодексінің жалпы қандай қызмет атқаратыны туралы ақпарат беру және де оның үлкен мүмкіндіктер екенін айта кету.