Олимпиада-2026: Үш қазақстандық фристайлшы финалға жолдама алды

Фото: ҰОК баспасөз қызметі

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан екінші іріктеу кезеңі аяқталды.

Айта кетейік, іріктеуде үздік ондықтың қатарына енген спортшылар финалға жолдама алады.

Екінші іріктеу кезеңінде Қазақстан атынан Анастасия Городко, Юлия Галышева және Аяулым Әмренова өнер көрсетті.

Нәтижесінде Юлия Галышева 5-орын, Анастасия Городко 7-орын алса, Аяулым Әмренова 10-орынға тұрақтады. Осылайша үш қазақстандық спортшы да финалға жолдама алған 20 спортшының қатарына енді.

Айта кетейік, ақтық бәсеке бүгін, 11 ақпанда Астана уақытымен 18:15-те басталады.