Жұмыс тобы бұған дейін 12 отырыс өткізді. Түрлі пікір, ұсыныс жолданды. Азаматтар тарапынан 10 мыңнан астам ұсыныс түсті. Екі апта бұрын алғашқы жобаны ел назарына ұсынған еді. Одан кейін тағы талқылау болып, бірнеше өзгеріс енгізілді. Ендігі түзетілген мәтіннің жобасы қайта Бұқаралық ақпарат құралдары мен конституциялық соттың ресми парақшасында жарияланады. Десе де, Комиссия мүшелері жұмысын әрі қарай жалғастырады. Халықпен кездеседі.