Түркістан облысында жанжал кезінде ер адам танысына оқ атты

скрин

Сайрам ауданында тұрмыстық жанжал соңы атыспен аяқталды. Ер адам травматикалық қару қолданған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған видеодан кейін белгілі болды. Кадрларда оқиға орны қоршауға алынып, бірнеше патрульдік автокөліктің тұрғаны байқалады. 

Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ретінде Сайрам ауданының тұрғыны анықталып, ұсталды.

– Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға орнынан травматикалық тапанша тәркіленіп, іс материалдарына тіркелді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, келіспеушілік салдарынан ер адам танысына оқ атқан. Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ, тексеруден кейін үйіне жіберілді, – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.