Орталық сайлау комиссиясы референдум өткізу кестесін бекітті

Бүгін республикалық референдумға дайындықтың негізгі жоспары бекітілді. Бұл туралы орталық сайлау комиссия отырысында айтылды. Референдумда жаңа Конституция жобасын қабылдау мәселесі ұсынылады. Жоспарға сәйкес, үгіт-насихат жұмыстары 12 ақпаннан 14 наурыз сағат түнгі 12-ге дейін жүргізіледі. Ал дауыс берудің алдындағы күн - тыныштық күні болып белгіленген. Дауыс беру күні барлық учаскелер таңертең ашылып, кешке дейін жұмыс істейді. Азаматтар өз учаскелеріне барып, таңдау жасай алады. Орталық сайлау комиссиясы референдум қорытындысын заңда белгіленген мерзімде жариялайды.

НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫ:

Дауыс берудің басталуына 20 күн қалғанда яғни 22 ақпанда референдумның әрбір участкесі бойынша Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін белгіленген тәртіппен тиісті комиссияларға АКТ бойынша ұсынуды қамтамасыз етсін. Бұл тапсырма жергілікті атқарушы органдарға осындай үш тапсырма.