Павлодарлық жастар жалғызбасты қарияға көмектесті

Павлодарлық жастар жалғызбасты қарияға көмектесті. «AMANAT» партиясы облыстық филиалының «Жастар рухы» жастар қанатының  белсенділері 70 жастағы Райса Кернееваның үйіне барды. Қыздар үй шаруасына көмектесіп, үй ішін тазалады. Ал жігіттер қыстан бергі жиналған қарды сыртқа шығарып, ауланы ақ ұлпадан аршыды. Дәстүрлі іс-шара әр бейсенбі сайын ұйымдастырылады. Белсенді жастар жыл басынан бері 20 отбасына көмек қолын созған. Игі іс «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында жүзеге асырылып келеді.

МЕРҒАЛИ ЖҮСІП, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПОФ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінгі біздің мақсатымыз ол кісілердің үй жұмысына көмектесу, көшесіндегі қарын тазалау, көмірін кіргізу сияқты жұмыстар болып табылады. «Таза Қазақстан» ол Президентіміз айтып өткендей тек ғана тазалық жұмыстары емес, ол сананың тазалығы. Сондықтан біз бүгін жастарға осындай өнеге көрсетіп, жастарды осындай жұмыстарға шақырамыз.

РАИСА КЕРНЕЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бүгін біздерге «AMANAT» партиясынан келіп көмектесіп жатыр қар тазалап. Көп рахмет! Еңбектерің жемісті болсын! Адал еңбек мол табыс, зор денсаулық  тілеймін сендерге.