Күрестен Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері тағайындалды

Олимпиада комитеті

Күрес федерациясының баспасөз қызметі Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкерінің есімін жариялады.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл қызметке Нұрсұлтан Теміров тағайындалды.

Ол 2014 жылы жаттықтырушы мансабын бастаған. Әр жылдары жасөспірімдер және жастар құрамасының, сонымен қатар, ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы қызметін атқарған. Үш жыл бойы әйелдер күресінен мемлекеттік жаттықтырушы болып еңбек етті.

Сондай-ақ әлем чемпионатының 4 дүркін жүлдегері Жәмилә Бақбергенова және тағы басқа балуандарды тәрбиелеген.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасының бас бапкері қызметін Қайрат Сағадиев атқарған еді.