Қарағанды қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметі жергілікті массаж салондарының бірінде азот тотығын заңсыз өткізу дерегін анықтап, жолын кесті.
"Көңіл көтергіш" атауымен белгілі бұл зат соңғы уақытта ойын-сауық мақсатында қолданылып, құзырлы органдар тарапынан ерекше алаңдаушылық туғызуда. Тінту кезінде мекеме иелерінен 10 литрлік екі баллон азот тотығы және оны тұтынуға арналған шарлар тәркіленді. Қарағанды облысының полиция департаменті өңірде есірткі қылмыстарының алдын алу және жолын кесу бағытында "Заң және тәртіп" қағидаты аясында жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Негізгі басымдық – есірткі құралдарын өндіру мен таратудың жолын кесу, сондай-ақ күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымын қатаң бақылау. Осы мақсатта тұрақты рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, күмәнді нысандар мониторингке алынады, мүдделі ведомстволармен өзара іс-қимыл күшейтілген. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшті әсер ететін заттардың, оның ішінде азот тотығының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бұл түзетулер бақылаусыз пайдалану салдарынан туындайтын қауіптердің алдын алуға бағытталған. Полиция заңсыз әкелу, сақтау немесе өткізу әрекеттерін қатаң тоқтатылып, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылатынын еске салады. Азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полицияның басты міндеті, және өңірдегі тұрақтылықты сақтау үшін құқықтық тәртіпті нығайту шаралары үздіксіз жүргізіліп жатыр.