Шымкентте 26 жастағы келіншекті өлтіріп, мәйітін қоқысқа тастаған сотталушының жаза мерзімі ұзартылды. Екі баланың анасын пышақтап өлтіріп, мәйітін пакетке орап, қоқыс маңына қалдырған жігіттің жазасына тағы бір жыл қосылды. 17 жастағы бозбала бірінші сатыдағы сотта 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылған болатын. Бұған келіспеген жәбірленуші тарап апелляцияға берді. Еске салайық, оқиға былтыр тамыз айында 10 күн бойы жоғалған келіншектің мәйіті қоқыстан табылғасын ашылған болатын. Оны сол кезде 16 жастағы бозбала үй тазалатуға шақыртып, артынша айуандықпен өлтірген еді. 10-сынып оқушысы марқұмның ұялы телефонын сатып жіберген. Апелляциялық алқа жәбірленуші тарапқа төленетін моральдық және материалдық шығынның мөлшерін де ұлғайтты.
БӘЙДІБЕК ДҮЙСЕБЕК, ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жәбірленушілер Қарлығаш Оңғарбаеваға пайдасына моральдық зиян өтемақысы ретінде өндірілген 2 миллион теңге 5 миллион теңгеге дейін, Айдана Оңғарбаеваға өндірілген 2 миллион теңге 5 миллион теңгеге дейін, Жаппаровтың пайдасына берілетін 6 миллион теңге 10 миллион теңгеге дейін ұлғайтылсын.
Алайда, жәбірленуші тарап мұнымен келіспейді. Марқұмның анасы кәмелекетке толмаған сотталушыны өмір бойына соттау керек деп санайды. Қарлығаш Оңғарбаева қызын 26 жерден пышақтағанымен қоймай, мәйітті қорлап, жыныстық қатынасқа түскенін тергеуде мойындағанмен, сотқа келгенде дәлелін таппай қалуы қалай деп ашынып отыр.
ҚАРЛЫҒАШ ОҢҒАРБАЕВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:
Бұл ертең бұны қайтып істейді бұл. Бұған 8 жыл берген бала, ертең бұны басқа балалар да қайтып істейді. Мен келіспеймін бұған. +видео бойынша бәрін мойындаған бала. Ал сотқа келгенде бәрін жоққа шығарып отыр. Ал бала зорлаған оны, мәйітті қорлап, зорлаған ол.