Алматыда сабақтан қайтқан жасөспірімді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кетті. Қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр. Баланың миы шайқалған. Қол -жамбас жарақаттарымен ауруханада жатыр. Қалада кешеден бері жауған қалың қардың салдарынан бір тәулікте 92 жол апаты болды. 21 адам жарақат алған.