Павлодарда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Подполковник Бекзат Оразов қызмет бабын асыра пайдаланған деген күдікке ілініп отыр. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті тергеу жұмыстарын бастады. Бекзат Оразов - облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментін 2023 жылдан бері басқарып келді.
ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
ҚР Қорғаныс министрінің тапсырмасымен қызметтік тексеру өткізілді. Оның қорытындысы бойынша подполковник Оразов Бекзат Ғарифоллаұлы атқарып отырған қызметінен босатылды. Қылмыстық-процестік заңнама талаптарына және тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.