Жетісуда жұртпен әлеуметтік желі арқылы танысып, бопсалағандар ұсталды. Бірлескен топ арнайы жоспар құрып, бөлінген рөлдері бойынша әрекет еткен. Алаяқтар алдымен азаматтардың сеніміне кіріп, кейін түрлі сылтаумен оларды пәтерге шақырған. Артынан жәбірленушілерге психологиялық қысым көрсетіп, «зорлау туралы арыз» жазамыз деп, жағдайды жабу үшін ірі көлемде ақша сұраған. Қылмыстық топ бұл іспен бір жылға жуық уақыт айналысқан көрінеді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.
НҰРЛАН БИЛІБЕКОВ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ:
Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы тағылған айыптың негізділігін дәлелдеп, ұсынылған дәлелдемелерге құқықтық баға берді.
Талдықорған қалалық сотының үкімімен топтың 9 мүшесі кінәлі деп танылып, ҚК-нің 194-быбы 2-бөлігінің 1,2,3-тармақтары бойынша әр түрлі жаза мерзіміне сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.