Оралда көлігімен қару алып жүрген жүргізуші мас күйінде ұсталды

Оралда суық қарумен жүрген қала тұрғыны ұсталды. Кезекті рейд кезінде көлікті тоқтатқан полицейлерге жүргізушінің әрекеті күдік туғызыпты. Кейін тексере келгенде салоннан травматикалық тапанша мен патрондары табылып, тәркіленген. Бұл аздай жүргізушінің көлік жүргізу куәлігі жоқ болып шықты, ал сараптама жасаған дәрігерлер оның мас екенін растапты. Осыдан кейін автокөлік айыптұраққа қойылып, иесі қамауға алынды. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

АЛИМА ГАРИФУЛЛИНА, БҚО ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 35 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда. Оның нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады.