Алматылық әйел итті көлікке байлап, аяусыз сүйреген

Алматылық әйел итті көлікке байлап, жол бойымен аяусыз сүйреген. Желіде жантүршігерлік видео тарады.    Бұл жағдайға байланысты полиция іс қозғап, мән-жайды анықтауға кірісті. Зардап шеккен ит ветеринарға жеткізілген, қазір қауіпсіз жерде мамандардың бақылауында. Ал көлік иесі жасаған әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталмыш дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасында қылмыстық кодекстің 316-шы бабының 1-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қылмыстық іс жүргізу кодексімен көзделген барлық тергеу амалдары жүргізілу үстінде. Міндетті түрде процесуалдық шешім қабылданатын болады.