БҚО-да қызылша ауруын жұқтырғандар екі есеге көбейген

Батыс Қазақстан облысында қызылша ауруының таралуы екі есеге көбейді. Мамандар уақытылы вакцина алмағандықтан, осындай жағдай қалыптасып отыр дейді. Былтыр облыста 21 адам осы дертке шалдықса, биыл бір жарым айдың ішінде 50 адамның қызылша жұқтырғаны анықталған. Дені - індетке қарсы екпе алмаған, жасы 14-ке толмаған балалар екен. Бұған олардың әке-шешесінің келісім бермегені себеп болыпты. Осының кесірінен өңірде қатерлі кесел өршіп барады. Дегенмен мамандар ауруға қарсы егілер вакцина қоры жеткілікті екенін айтып сендірді.

ГҮЛДАНА КЕРЕЕВА, БҚО САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қызылша ауруы ол жедел жіті вирустық инфекция болып табылады. Бұл ауру несімен қауіпті? Оның асқынулары бар. Ол асқынулар энцефалит, отит, пневмония сияқты ауруларға әкеп соқтыруы мүмкін. Жалпы қызылшаның ең негізгі алдын алуы ол - вакцинация. Сол себептен ата-аналарға айтатынымз: өздеріңіздің балаларыңызға міндетті түрде қызылшаға қарсы вакцина алыңыздар.