Конституциялық реформа: саяси жүйені жаңғырту жолы

Конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі. Сарапшылардың пікірінше, бұл өзгерістер ұзақ мерзімді тұрақтылық пен қоғамдық сенімді нығайтуға негіз болады.

ЖҰЛДЫЗАЙ ЫСҚАҚОВА, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Қазақстанда саяси жүйені одан әрі жаңғырту бағытындағы бастамалар күн тәртібінен түскен жоқ. Конституцияға енгізілген өзгерістер мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және қоғаммен кері байланысты күшейтуге бағытталған.

ЖАННА АСАНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Алдағы реформалар эволюциялық сипатта жалғаспақ. Негізгі мақсат – тұрақтылықты сақтай отырып, саяси жүйені кезең-кезеңімен жаңарту. Қоғам талқылауы мен сарапшылық ұсыныстар шешуші рөл атқарады.