Павел Колмаков жарыс жолын аяқтады

Фото: Тұрар Қазанғапов

Бүгін Италияның Ливиньо тау-шаңғы курортында фристайл-могул спортынан Олимпиада ойындарының барлық жарысы аяқталды.

Ерлер арасында параллель могул жарысында қазақстандық Павел Колмаков бақ сынады.

Отандасымыз Олимпиада чемпионы әрі Олимпиада ойындарының үш дүркін күміс жүлдегері Микаэль Кингсбериге есе жіберді.

Осылайша, Павел Колмаков 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарындағы жарыс жолын аяқтады.