Қытай тілін білу елордалық өрт сөндірушілерге жағдайды жедел бағалауға көмектесті

Фото: ТЖМ

Оқиға барысында тілдік кедергінің болмауы шетелдік азаматтармен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік берді.

№23 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Бейбіт Қыран нысан қызметкерлерімен тілдесіп, ғимарат ішіндегі жағдайды нақтылап, адамдарды қауіпсіз аймаққа бағыттады.

 Қытай тілінде еркін сөйлеуі төтенше жағдай кезінде нақты әрі түсінікті байланыс орнатуға жол ашып, өрт сөндіру  және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жедел әрі үйлесімді жүргізуге ықпал етті.