Ауа райы құбылмалы болады

Фото: pixabay

16 ақпан күні елімізде ауа райы құбылмалы болады. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтілуде деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің бірқатар өңірінде қар мен жаңбыр жауады. Мамандардың мәліметінше, кей өңірлерде ауа райы күрт өзгереді.  

Солтүстік-батыста қалың қар жауса, Оңтүстік Қазақстан облыстарында күндіз нөсер жаңбыр жауады деген болжам бар.

Республика бойынша тек Шығыс Қазақстан облысында ғана жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

Жауын-шашынмен қатар, еліміздің бірқатар өңірінде көріну деңгейі төмендеп, тұман түседі. Сондай-ақ, синоптиктер республика бойынша жел екпінінің күшеюі мүмкін екенін ескертті.