ТЖМ құтқарушылары балаларға көмекке келді

Фото: ТЖМ

Оқиға елорданың Сарыарқа ауданындағы Сұлтан Бейбарыс көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде орын алды. Анасы дәлізге шығып кеткен сәтте кішкентай балалар сыртқы есікті іштен қатты жауып, оны қайта аша алмаған.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар альпинистік құралдардың көмегімен 8-қабаттың терезесінен 7-қабатқа төмен түсіп, 2022 және 2024 жылы туған балаларды аман-есен анасына тапсырды.

ТЖМ ата-аналарды балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.