Өңірлерге 7,5 млн тонна көмір жеткізілді

ortcom

ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов ОКҚ алаңында отын мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, барлық ЖЭО-лар мен қазандықтарда 4,5 млн тоннадан астам көмір қоры бар.

«Барлық ЖЭО-ларда нормативке сәйкес 10-20 тәулікке жетерлік көмір қоры бар. Сондай-ақ олар әлеуметтік мазутпен де толық қамтамасыз етілген. Бұл бағытта станцияларда ешқандай проблема жоқ», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Оның айтуынша, былтыр көмірге қатысты мәселелер Өнеркәсіп министрлігінен Энергетика министрлігінің құзырына берілген.

«Бүгінде коммуналдық сала мен халықты көмірмен қамтамасыз  ету көлемі бақыланып отыр. Жылыту маусымы басталғалы өңірлерге 7,5 млн тонна көмір жеткізілді. Ауа райына байланысты бұл көрсеткіш жоспардан жоғары болып отыр», - энергетика деді вице-министрі.