Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша ширек финалға өтті

Сали Сабиров

Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша шорт-тректен 500 метр қашықтықта Олимпиада ойындарының ширек финалына өтті!

Әжіғалиев өз жарысында үздік атанса, Никиша үшінші орын алғандар арасынан үздік төрттікке еніп, келесі кезеңге жолдама алды.

Финалдық жарыстар 18 ақпанда өтеді.