Жетісу облысы Ескелді ауылындағы дүкенде жарылыс болып, үш адам зардап шекті. Сауда нысанының сыртқы қабырғасы мен шатырының бір бөлігі қираған. Жарақат алғандар дереу орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайы тұрақты дейді дәрігерлер. Апаттың себебі анықталып жатыр.
АЛМАС СМАҒҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Салдарын жою жұмыстарына Жетісу облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдардан шамамен 40 қызметкер және 8 техника бірлігі жұмылдырылды. Қазіргі уақытта құтқарушылар үйінділерді аршу жұмыстарын жүргізуде.