Атырауда мектеп мұғалімі өзіне қол салды

Атырауда 21 жастағы мектеп мұғалімі өзіне-өзі қол салды.  Жас маман екі жылдан бері қаладағы Салық Зиманов атындағы №37 мектепте бастауыш сыныптарға сабақ берген. Қайғылы оқиға болатын күні  мұғалім мектепішілік шарада жүргізуші болып, үйіне көңілді қайтқан. Ал келесі күні  таңертең семинарға бармаған соң, әріптестері іздеу салыпты. Түске таяу ғана отбасынан қаралы хабарды естідік,- дейді әріптестері. Жас та болса, жаңашыл, ізденімпаз, ойлы ұстаз,- еді деп еске алады. 

ҚАЛДАН ҚОСБАЕВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ:

Аталған оқиға  мектептен тыс уақытта болды. Ол енді біздің  ұжымға да ауыр тиді. Өйткені жас маман, ойлы. Жұмысқа  белсене қатысатын маманымыз. Көңіл күйі сол күні керемет болды. Айтқандай шараның жүргізушісі болды. марапатталды.

Полицейлердің айтуынша, қайғылы оқиғаға мұғалімдік қызметінің  еш қатысы жоқ.  Олар тергеу құпиялылығын алға тартып, жас қызды  суицидке не итермелегенін  айтпады.  

ДИНА МАҚСОТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

21 жастағы азаматшаның өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қазіргі уақытта  қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.  Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда,  тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.