Жамбылда бір ай бұрын жерленген әйел тірі боп шықты. Жаназасы оқылып, жер қойнына тапсырылғаннан кейін ол көп ұзамай үйіне оралған. 73 жастағы әйел 2024 жылғы тамыз айында Таразда тұратын әпкесінің қасына көшіп кеткен. Алайда былтыр әпкесі полицияға арызданып, оның жоғалып кеткенін айтқан. Дәл сол жылдың тамызында ауыл маңындағы өрістен бір адамның мәйіті табылады. Зейнеткердің қызы мен немересі оны жоғалған әйелдің денесі деп танып, қайтыс болғаны туралы жазба тіркеліп, тиісті куәлік берілген. Ал әйел Айша бибі ауылына барып, пияз жинауға жұмысқа орналасқан көрінеді. Өзінің "қайтыс болғанын" зейнетақысы тоқтап қалған соң біліпті.
СЫМБАТ ЖҰЛДЫЗБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Жамбыл аудандық соты табылған денені басқа адамның денесі екенін анықтады. Полиция эксгумация жасап, қайта сот медициналық және генетикалық сараптама тағайындады. Қайтыс болған адамның жеке басы анықталып, қылмыстық іс тоқтатылды. Талап қою қанағаттандырылып, қайтыс болу деген куәлік жарамсыз деп танылды.