Шымкентте 2,7 млрд теңгеге салынған бөгеттің бір бөлігі бүлінді

Шымкентте 2 миллиард 700 миллион теңгеге салынған дамбаның бір бөлігін әлдекімдер бүлдіріп кеткен. Бадам өзені бойындағы бетон бөгеттің шамамен 40 метрі қирап тұр. Мамандардың мәліметінше, бөгеттің бұзылуына өзен арнасынан заңсыз тас қазу себеп болған. Салдарынан гидротехникалық нысанға едәуір зақым келген. Қазір құқық қорғау органдары кінәлілерді анықтап жатыр. Сала жауаптылары өзендегі жағдай тұрақты екенін айтады. Жақын маңдағы аумақтарды су басу қаупі жоқ. Айта кетейік, көктемгі тасқын қаупін азайту үшін өзен бойының 5,3 шақырым жағалауды бекіту жұмыстары өткен жылдың соңында ғана аяқталған. Бүлінген бөлік енді кепілдік мерзімі шеңберінде мердігер мекеме тарапынан қайта қалпына келтіріледі.

ӘБІЛҚАЙЫР ОҢҒАР, ҚАЛАЛЫҚ ЖАЙЛЫ ОРТАНЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бүліну себебі өзен арнасына белгісіз азаматтардың заңсыз кіріп тас алу себептерінен болып отыр. Қазіргі уақытта мердігер мекеме тарапынан бүлінген бетон қабатын қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды.