Жүргізушісіз такси сынақтан өтуде

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2026

Алматы, Астана қалалары мен Ақмола облысында жүргізушісіз такси сынақтан өтуде. Жасанды интеллект және Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, пилоттық кезеңде автономды көліктер қала көшелерінде қозғалып, жолаушыларға ыңғайлы, қауіпсіз жағдай жасауды көздейді. Бастама жасанды интеллект технологияларын дамытып, бюджетке қосымша қаражат әкелуге мүмкіндік береді. Министрлік сынақ нәтижесін бақылап, болашақта автономды таксилерді жаппай енгізу жоспарын әзірлеуді жоспарлап отыр.