Астанада «Бұрқасын-2026» қысқы фестивалі өтті

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2026

Елордада ширек ғасырлық тарихы бар дәстүрлі «Бұрқасын-2026» қысқы фестивалі өтті. Шарада 2 мыңнан астам спортшы бақ сынап, спорттың 13 бағыты бойынша жүлделерді сарапқа салды. Жарыс соңында қатысушылар Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде тамашалап, отандастарымызға қолдау көрсетті. Сонымен қатар, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі лотерея ұтыстарымен жалғасып, қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.

АЗАМАТ АҒЗАМОВ, ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАРАСЫ:

"Бұрқасын 2026" дәстүрлі қысқы спорт түрлерінің фестивалі, биылғы жылы 25 рет өткізіліп жатыр. Бұл фестивалдің мақсаты -бұқаралық спортты дамыту, қысқы спортқа деген спортшылардың қала тұрғындарының, қонақтарының қызығушылықтарын арттыру, сонымен қатар біздің спортшыларды Италия төрінде өтіп жатқан олимпиада да қолдау мақсатында өткізіп жатқан іс-шарамыз.