Алматыда жер сілкінді

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2026

Алматыда жер сілкінді. Жерасты дүмпуі мегаполис тұрғындарына анық сезілген, көпқабатты үйлерде тербеліс байқалған. Жұрт жаппай көшеге шығып, дүрлікті. Сейсмологтардың дерегінше, қала  аумағында жердің шайқалу күші  2–3 балл болса, іргелес елдімекендерде 3–4 баллға дейін жеткен. Сілкініс кезінде  дабыл сиреналары қосылмаған. Дегенмен тұрғындардың ұялы телефондарына  ескерту хабарламалары жолданыпты. Алдын ала мәлімет бойынша,зардап шеккендер жоқ, ғимараттарға зақым келмеген.