Түркістандық тұрғын бір бүйрегін 13 млн теңгеге сатпақ болған. Ол ағзасын әлеуметтік желіде жарнамалаған. Алушы тез табылып, онымен алдын ала кездескен көрінеді. Екеуі жолығып, келісілген 13 млн теңгенің 5 млн. теңгесін қолма-қол беру кезінде ұсталды. Бүйректі алушы болып қылмыстық әрекетті имитациялаушы ішкі істер органдарының қызметкері барған. Облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетке ақшаға мұқтаж болғандықтан барғанын айтқан. Жасаған ісіне өкініш білдіріпті.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Сот жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс санатына жататынын және зиян келтірілмегенін ескере отырып, «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қолданып, 05.02.2026 жылы сотталушы М.-ді қылмыстық жауаптылықтан босатып, іс жүргізуді тоқтатты. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.